25.07.2008, 17:11 3164

Қарағанды облысының Маржанкөл ауылдық округының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысының Маржанкөл ауылдық округының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Маржанкөл ауылдық округының әкімі заңға қайшы әрекеттері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының Осакаров ауданының прокуроры Дінмұхамед Қожантаевқа сілтеме жасай отырып.

Д. Қожантаевтың хабарлауынша, Осакаров ауданының прокуратурасы Маржанкөл ауылдық округының әкімі Бірлес Мұқанов тіркеуден шығуға кедергі келтіріп отыр деп шағым түсірген Уызбай ауылының тұрғынының арызы бойынша тексеру жүргізген. Тексеру кезінде оның 2008 жылдың сәуір айынан бері Б. Мұқановқа Астана қаласында тіркеуге тұру үшін Уызбай ауылының тіркеуінен шығару жөнінде Б. Мұқановқа бірнеше мәрте еш нәтижесіз өтініш жасағаны анықталды.

"Б. Мұқанов 260 000 теңге көлеміндегі "Қаржылық қолдау қорынан" алынған шағын несиені толығымен қайтармайынша тіркеуден шығарылмайды дегенді желеу етіп оны тіркеуден шығармаған. Алайда, несие алу бойынша азамат пен "Қаржылық қолдау қоры" АҚ арасында туындаған қатынастар азаматтық-құқықтық болып табылады. Бұл несиелік келісімнің қатысушылары тек қарыз алушы мен қарыз беруші ғана", - деп түсіндірді прокурор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны