24.04.2008, 18:55 3126

Қарағанды облысының мектепке дейінгі мекемелерінің бір бөлігі балаларды қамсыздандыруды толық деңгейде қамтамасыз етіп отырған жоқ

Қарағанды облысының мектепке дейінгі мекемелерінің бір бөлігі балаларды қамсыздандыруды толық деңгейде қамтамасыз етіп отырған жоқ

Қарағанды. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының мектепке дейінгі мекемелерінің бір бөлігі балаларды қамсыздандыру, тәрбиелеу, қарау, күту және сауықтыруды толық деңгейде қамтамасыз етіп отырған жоқ. Бұл туралы облыстық прокуратураның алқа отырысында аға прокурордың міндетін атқарушы Қайрат Райымбеков мәлімдеді.

Проблемалардың бірі - мекемелердің жетіспеушілігі. 100 орынға 118 баладан келеді.

"Бұл бала денсаулығына кері әсер етеді және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына ықпал етеді", - деп атап көрсетті Қ. Райымбеков.

Сондай-ақ, облыстық прокуратураның өкілі мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан алым жинау кең таралғанын хабарлады. Оның ішінде баланың оқуы, баланың қабылдануы, балалар бақшасына ұзақ уақыт бармаған баланың орнын сақтап қоюға алымдар бар.

"Көптеген мектепке дейінгі мекемелерде лайықты тамақтандыру қамтамасыз етілмейді", - деді Қ. Райымбеков.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, Балқаш қаласының "Ақбота" мектепке дейінгі ұйымы мен "Аргоша" жеке балалар бақшасы тиісті мемлекеттік лицензиясынсыз білім беру қызметімен айналысқан.

Кейбір балалар бақшасында құралдар мен жаттығу жиһаздары санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарына сай келмейді.

Оның ақпаратына сүйенсек, Балқаш қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде бір де бір медицина кабинетінің медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ болып шықты. Мұндай лицензиялар Теміртау, Жезқазған, Қаражал қалалары мен Абай, Шет және Қарқаралы аудандарының балалар бақшаларында жоқ.

Облыстық прокуратура өкілінің мәліметтеріне сүйенсек, Теміртаудағы №1, 4 және 8 балалар бақшаларында ғимарат шатыры су өткізеді. Ал №16 және 18 балалар бақшасында тамаққа арналмаған ыдыстарды пайдалану оқиғалары кездескен.

Облыс прокурорлары 445 заң бұзушылықты анықтап, 115 тұлғаны тәртіптік, 38 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деді Қ. Райымбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны