28.08.2009, 17:21 3937

Қарағанды облысының прокуратура органдары азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы бұзуға қатысты көптеген оқиғаның бетін ашты

Қарағанды облысының прокуратура органдары азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы бұзуға қатысты көптеген оқиғаның бетін ашты

Қарағанды. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының прокуратура органдары азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы бұзуға қатысты көптеген оқиғаның бетін ашты, солардың салдарынан 1600 азаматтың конституциялық құқықтары бұзылған. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Жанқозы Нақышев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеріс барысында шұғыл емдеуді қажет ететін науқастарды ауруханаға жатқызудан негізсіз бас тарту, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін (ТМККК) ақылы көрсету, ақылы бөлімдегі науқастарды бюджет қаражатына алынған дәрі-дәрмекпен емдеу, науқасқа диагноз қою барысында қабылдау бөлімі деңгейінде толық тексермеу, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарын бұзу, жоғары мамандандырылған медициналық көмек үшін (ЖММК) республикалық бюджеттен заңсыз ақы төлеу деректері, сонымен бірге мемлекеттік сатып алулар, қажеттілікті дұрыс жоспарлау, тауарларды уақытында жеткізу саласында да көптеген бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, "Облыстық клиникалық аурухана" (ОКА) КМҚК-ның хирургия бөлімінде ТМККК аясында ем алып жатқан емделушілер, негізгі және қосымша ауруларды емдеу үшін тағайындалған дәрілік заттармен жеткіліксіз көлемде қамтамасыз етілген",- деді Ж.Нақышев.

Мысалы, бір науқасқа "Цефазолин" дәрісі негізді тағайындалып, күре тамырдың ішіне салу жолымен күніне 1 шиша, 3 реттен 5 күн салынуы тиіс болатын, жалпы соның 5 екепсі ғана жасалып, дәрінің тағайындалған жалпы көлемінен 33 %-ын ғана құраған.

"Бұлшық ет ішіне салынуы тиіс "Дротаверин" дәрісі күніне 2 мл-ден 3 рет, 3 күнге тайғайындалған, алайда 2 рет қана екпе салынып, тағайындалған жалпы көлемнен 22 %-ды құраған",- деп түсіндіреді прокуратурадағылар.

Осылай, сегіз науқасқа дәрілік көмектің толық көлемі көрсетілмеген.

Сондай-ақ, "Облыстық кардиохирургия орталығы" (ОКО) КМҚК-да ТМККК-ін ақылы негізде көрсету деректеріне жол берілген.

"Осылай, өткен жылдың маусым айында кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі П.Богославский Д.Фокинмен (аты-жөні өзгертілген) тамыр хирургиясына жататын және тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне жататын флебоэктономия операциясын жасау жөнінде келісім- шарт бекітеді.

Д.Фокин ауруханаға операция жасау жөніндегі көрсетілген келісім-шарт бойынша 22 480 теңге төлеген.

"Науқастың тегін негізде жасалуы тиіс операцияға ақы төлегеніне қарамастан, медициналық көмек көрсету шығындары "Облыстық кардиохирургия орталығы" КМҚК-на жергілікті бюджеттен қосымша өтелген",- деді бапасөз хатшысы.

Облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша операция үшін төленген сома емделушіге қайтарылды.

Бұған қоса прокурорлық тексеру барысында белгілі болғанындай, 2008 жылы ОКО-да квота аясындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсетілгендігі үшін негізсіз ақы алу деректері орын алған.

2008 жылдың мамыр айында ОКО-да ЖММК алуға берілген квотаға сәйкес, бір емделушіге жасанды қан айналымы жағдайында асқазан аралық кемістікті тігу операциясы жасалған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық орталықтарға ЖММК көрсету бойынша шығындар уәкілетті органдарға ұсынылған, орындалған жұмыстар актілері негізінде бекітілген бағаларға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және сараптама актілерінің есебімен түзетіледі.

Алайда, ОКО осы талаптарды бұза отырып, науқаспен арада операция жасау туралы келісім бекіткен және 98 000 теңге сомасында ақша қаражатын алған.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілгендігі үшін республикалық бюджеттен негізсіз ақы төлеу деректері анықталған.

Солай, 2008 жылдың қараша айында бір азамат жоғары мамандандырылған көмек алу үшін ОКО-ға түседі. ЖММК -ке жолдауға бұрынырақ өткізілген коронарографияның нәтижелері негіз болған.

"Аурухананың әкімшілігі күре қан тамырларының бақылау суреттерін жасап, операция жасауға кедергі келтіретін өзгерістер тапқан, соған байланысты операция жасаудан бас тарту шешіміне келген және күре қан тамырын шунтирлеу жолымен жоспарлы жылдам емдеу бойынша кардиохирургпен ақылдасу кеңесі берілген",- деп хабарлайды прокуратура.

Осылай, Фроловқа жоғары мамандандырылған көмек көрсетілмегенімен, ЖММК шығындары қараша айы бойында ЖММК көрсету бойынша орындалған жұмыстар актісіне негізсіз енгізіліп, республикалық бюджеттен төленген. Сонымен бірге, науқас алған медициналық қызмет үшін жергілікті бюджеттен де ақы төленген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7 науқасты емдеу барысында осындай деректерге жол берілген.

ОКО-ға жоғарыда көрсетілген науқастарды емдеу үшін республикалық бюджеттен бөлінген жалпы сома 1 275 869 теңгені құраған.

"Облыстық медициналық орталық" КМҚК-да (ОМО) клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың 11 жағдайда сәйкеспеушілігі дерегін анықтаған, бұл сәйкеспеушіліктер 2 жағдайда жіберілген диагностикалық қателіктермен байланысты.

Емдеуші дәрігер хирургия бөлімінде тұрақты емдеуде жатқан Ф атты азаматшаға кеуде қуысы органдарына ренгенологиялық зерттеулер жүргізбеген, терапевтің кеңестері тағайындалмаған, соның салдарына қате диагноз қойылған.

"Осындай бұзушылықтар "Мақажанов атындағы көп салалы клиникалық аурухана" КМҚК-да, "Сәтпаев қалалық орталық ауруханасы" КМҚК-да орын алған",- деп хабарлайды қадағалаушы орган.

Мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар бойынша міндеттердің орындалуын тексеру және онда көзделген талаптарды талдау, емдеу мекемелерінің қызметінде өнім берушілердің тауарларды уақытында жеткізбегендіктері үшін оларға қатысты шаралар қабылдамай, негізсіз босаңсыту деректері орын алған.

"Дәрілік заттарды сатып алу туралы үлгі келісім шартта, өнім беруші тауарды жеткізудің мерзімдерін бұзған жағдайда, мерзімі өткен әр күн үшін келісімнің жалпы сомасынан пайызбен тұрлаусыздық төлемін (айып) немесе белгіленген соманы төлеу көзделген. Алайда, ОМО өнім берушімен арада жасалған келісім шарттарда мерзімі өтіп кеткен әр күн үшін келісімшарттың жалпы сомасынан 0,1 % айып көзделген. Осындай босаңсыту өнім берушілердің өздерінің міндеттерін өз қалауларынша атқаруларына мүмкіндік берген. Бұл тауарларды үлкен мерзіммен кешіктіріп жеткізуге әкеліп соғып, сәйкесінше медициналық мекеменің қызметіне кері әсерін тигізіп отырған",- делінген хабарламада.

"Көрсетілген барлық заң бұзушылық деректері бойынша қала, аудан прокурорлары және облыстық прокуратура тарапынан толыққанды прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданған. Аталған тексеріс барысында анықталған денсаулық сақтау заңнамасының талаптарын бұзу деректері облыстың медициналық мекемелері медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі және сапасы, Қазақстан Республикасы азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, емделушінің құқықтарын қорғау сияқты қағидаттарды елемейтіндіктерін көрсетті. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды сақтамау азаматтардың конституциямен бекітілген денсаулықтарын сақтауға құқықтарын бұзуға, мемлекеттің азаматтардың денсаулықтарын сақтау саласындағы саясатының тиімділігін төмендетуге және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімнің төмендеуіне апарып соғады,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулықтарын сақтауға, медициналық көмектің заңмен бекітілген кепілді көлемін алуға құқықтары бар.

Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіпте жүзеге асады.

Қарағанды облысының прокуратура органдары азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау нәтижелері бойынша заң бұзушылықты жою жөнінде 34 ұсыныс енгізілді, 33 лауазымды тұлға тәртіптік, 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны