01.04.2010, 10:57 1528

Қарағанды облыстық тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылдың жолын кесті

Қарағанды облыстық тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылдың жолын кесті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық тәртіп сақшылары қарақшылық шабуылдың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов кеше өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала орталығында орналасқан түнгі дәмханалардың біріндегі ойын салонына жасалмақ болған қарақшылық шабуылдың жолын кесті",- деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, "бұдан бұрын полицияға 25 наурызға қараған түні белгісіз адамдардың шабуыл жасауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері адам құрбандарын болдырмау үшін салоннан келушілерді шығарған және ғимаратты торуылға алған".

"Сағат 02.00 шамасында бетперде киген екі адам салонға кіріп келіп, қарумен қорқыту арқылы ақша талап еткен, сондай-ақ салон күзетшісіне қарай оқ атқан.

"Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің қызметкері автоматтан бос патрон атып, арнайы іс-қимыл тобы қылмыскерлерді сол жерде құрықтаған",- деді Қ.Жұманов.

Сондай-ақ, ІІМ мәліметінше, "қаңтар айының соңында Қарағандының "Старая Тихоновка" кентіндегі зираттың жанында Мерседес-Бенц автомашинасының салонынан оқ жарақатымен оның иесінің мәйіті табылды, ол қаладағы бір кәсіпорынның таксисі болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды, олар оны пайда табу ниетімен өлтіргендерін мойындады, олардан қылмыс құралы, яғни аңшылық шолақ мылтық алынды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны