16.04.2013, 13:09 3443

Қарағанды соты пара берген Қытай азаматына 4,3 млн теңге айыппұл салды

"Пенг Айминь 312-бап бойынша пара берді деп танылып, оған 2500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол сот залынан босатылды", - деп хабарлайды сот кеңсесінен.

Қарағанды. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 соты Қытай азаматын жемқорлық қылмыс жасады деп таныды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Пенг Айминь 312-бап бойынша пара берді деп танылып, оған 2500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол сот залынан босатылды", - деп хабарлайды сот кеңсесінен.

1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 1731 теңгеге тең.

Іс материалдарына сүйенсек, Қытай азаматы 8-қазан күні облыстық Энергетикалық бақылау және қадағалау департаментінің инспекторына делдал арқылы 4 мың доллар пара беріп жіберген. Шетелдік оның орнына өзінің "CGC Overseas Construction CO LTD" кәсіпорнында анықталған заң бұзушылықтар туралы хаттама толтырмауды сұрапты. Аталған кәсіпорын Нұра өзенін сынаптан тазарту жұмыстарымен айналысады. Қытай азаматы сол күні қолға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны