25.05.2009, 14:09 1270

Қарағанды тұрғыны екі килограмға жуық героин сатуға әрекет жасау барысында ұсталды - ҚР ІІМ

Қарағанды тұрғыны екі килограмға жуық героин сатуға әрекет жасау барысында ұсталды - ҚР ІІМ

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды тұрғыны екі килограмға жуық героин сатуға әрекет жасау барысында ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қ. Жұмановтың айтуынша, "20 мамырда Қарағанды қаласында екі килограмға жуық героин сатуға әрекет жасау барысында қала тұрғыны ұсталды, оны ІІД-нің "Арлан" арнаулы бөлімшесі мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Тергеу жүргізілуде".

Сондай-ақ, Қ. Жұмановтың айтуынша, "16 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласынан 5 шықырым жерде далада "Арлан" арнаулы бөлімшесі мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 9,5 килограмм гашиш сатпақ болған екі адамды ұстады".

ІІМ мәліметінше, бір аптада 200 есірткі қылмысы әшкереленді, оның 58-і есірткі сату дерегі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны