28.12.2007, 18:55 2960

Қарағандыда баспаналарды заңсыз жекешелендіру деректері анықталды

Қарағандыда баспаналарды заңсыз жекешелендіру деректері анықталды

Қарағанды. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда баспананы жекешелендіру жөніндегі заңсыз келісім-шарттарын қолдан жасаумен шұғылданып келген алаяқтар тобы анықталды, деп хабарлайды агенттік Қарағанды облыстық прокуратурасы бөлоіміне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қылмыскерлер жекешелендіру жөніндегі жалған келісім-шарттарымен пәтерлерді заңсыз жекешелендірумен шұғылданып келген. Оларды сосын "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК-ында тіркеп, оларды әріқарай сатумен айналысқан.

"Облыстық прокуратураның санкциясымен бір күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, онда дербес компьютер мен түрлі-түсті принтер табылған. Оның көмегімен келісім-шарттары мен мөр таңбалар, мемлекеттік мекемелердің бланктары бар дискеталар, жалған жеке куәліктер мен Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы бірнеше пәтерді жекешелендіру жөніндегі келісім-шарттары қолдан жасалған, - деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратура бөлімінің бастығы Алексей Бондарев.

Оның айтуынша, қаржы полициясы алаяқтардың үстінен 8 қылмыстық іс қозғады, ол бойынша қазір тергеу жүргізілуде.

"Қылмыстық топтың кейбір мүшелері тұтқындалса, енді бір бөлігі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылған, ал үшінші бір бөлігін өз сыбайластары қажетсіз куәгерлер ретінде жоғалтуда. Осы жылдың қыркүйек айында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде жекешелендіру қитұрқысына қатысушылардың бірінің кісі қолынан қаза табу белгілерімен табылсуы кездейсоқтық болмаса керек" - деді А. Бондарев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны