Система Orphus

Қарағандыда ескі ағылшын қаруы полицияға тапсырылды

21.04.2008, 18:08 2830

Қарағанды. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда шамамен 1870 жылдары шығарылған ескі ағылшын қаруы полицияға тапсырылды. Бұл туралы тілшілерге Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық ІІБ лицензиялық рұқсат беру жүйесінің инспекторы Андрей Альбрехт мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

А. Альбрехтің айтуынша, қаруды полицияға Қарағандының 40 жастағы тұрғыны әкеліп тапсырған. Ер адам қарудың отбасылық мұра болып келгенін хабарлаған. Оның бабасы қаруды Спасск ауылының маңында ХІХ ғасырдың 70 жылдары жұмыс істеген ағылшын инженерлерінен естелікке алған. Ол замандарда ол жерде ағылшын мамандары жұмыс істеген зауыттар болған.

Қарағанды тұрғыны оған қандай сыйақы алатынын сараптама қорытындысынан кейін арнайы комиссия шешеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны