21.02.2008, 16:52 3275

Қарағандыда Қарттар мен мүгедектер үйінің директорына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

Қарағандыда Қарттар мен мүгедектер үйінің директорына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

Қарағанды. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда мемлекеттік емес мекеме - "Милосердие" қарттар мен мүгедектер үйінің директорына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Іс қозғалды. Қазір ҚР ҚК 177 бап Б пункті (алаятық, яғни, алдау және сенімді асыра пайдалану жолымен ірі көлемде жасалған өзгенің мүлкін ұрлау) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Қаржы полициясы.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тергеу барысында директор "имбецилды деңгейдегі олигофрения" диагозы қойылған ақыл-ой және денелей дамуы жетілмеген үнемі күтімді және көмекті қажет ететін ғаріп жанды қабылдағаны анықталды.

"Аталмыш мүгедекті қабылдау кезінде оның туыстары Қарағанды қаласындағы екі пәтердің заңдық құжаттарын қарттар үйінің директорына табыс еткен. Уақыт өте келісімен директор қабылданған науқас оған жасап жатқан әрекеттерді түсінбейтінін және қарсылық көрсете алмайтынын біліп, өзіне науқас мүлкін басқаруға сенімхат рәсімдеп, бұл пәтерлерді сатып жіберген", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық Қаржы полициясы. Осылайша директор науқас пен оның кәмелеттік жасқа толмаған мұрагерлерін пәтерден айырған. Мәміленің жалпы сомасы 2 065 000 теңгені құраған.

Директордың бұдан өзге қанша қылмыс жасағанын Қаржы полициясы анықтап жатыр.

Ал директордың өзі болса, жағдайды түсіндіруден үзілді-кесілді бас тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны