17.05.2010, 14:18 2910

Қарағандыда қаржы полициясының қызметкері "Оса" тапаншасынан ауыр жарақаттанды

Қарағандыда қаржы полициясының қызметкері "Оса" тапаншасынан ауыр жарақаттанды

Қарағанды. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда қаржы полициясының қызметкері "Оса" тапаншасынан ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің 28 жастағы аға инспекторына бүгін таңертең жұмысына кетіп бара жатқанда шабуыл жасалған. Белгісіз біреу қаржы полициясының қызметкеріне қаратып жарақаттағыш "Оса" тапаншасынан оқ атқан. Оқ тура оның көзінен тиген. Көзінен жараланған жәбірленуші облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, оған операция жасалған. Бұдан кейін ол нейрожарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлер жігіттің көзін сақтап қалу қиын деп қауіптенуде.

Қарағанды облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл дерек бойынша мекеменің ішкі қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны