27.05.2008, 17:13 3222

Қарағандыда кеденшілер Ресейге валюта контрабандасын жасауға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Қарағандыда кеденшілер Ресейге валюта контрабандасын жасауға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Қарағанды. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 26 мамырда кеденшілер Ресейге валюта контрабандасын жасауға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, 35 жастағы Қазақстан азаматы Қарағанды-Мәскеу бағытындағы әуе рейсіне кедендік бақылаудан өту барысында әуежайдың кеден бекетінде декларацияда көрсетілмеген 20 мың АҚШ доллары мен 5 мың ресей рублін алып өтуге әрекет жасады.

Декларацияда көрсетілмеген валютаны қол сөмкесіне салып өтуге әрекет жасаған жолаушы рейстен алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны