18.09.2008, 15:06 1407

Қарағандыда колония басшысы пара алған күдікті ретінде танылды

Қарағандыда колония басшысы пара алған күдікті ретінде танылды

Қарағанды. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда Қарағанды облыстық ҰҚКД тергеу басқармасы АК 159/18 санды мекемесінің басшысы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының подполковнигіне қатысты пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АК 159/18 мекемесінің бастығы өзінің қызмет бабын пайдаланып, материалдық пайда табу қамымен бір сотталғанның анасынан ақша бопсалағаны белгілі болған. 400 мың теңге көлеміндегі ақшаны подполковник әлгі әйелден баласына жақсы жағдай жасап бергені үшін бопсалаған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"14 қыркүйек күні Қарағанды облыстық ҰҚКД қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында Қарағандыдағы орталық саябақта "Чао-Ян" мейрамханасының маңында сотталғанның анасынан 400 мың теңге пара алғаннан кейін АК 159/18 мекемесінің қызметкерін қамауға алды", -деп хабарлайды ҰҚКД.

Ұсталғанның көлігінің ішінен параға берілген ақша табылып тәіркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағының "а" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны