13.04.2012, 14:48 3356

Қарағандыда құлаған үйді салған құрылыс компаниясының бас инженері ұсталды

"ҚК 132 бабына сәйкес соңы ауыр жағдайға әкеліп соққан сапасыз құрылыс жүргізді деген күдікпен біз "Системпромснаб" ЖШС бұрынғы бас инженері Лятуновскийді ұстадық. Ол осынау нысандарды салу кезінде құрылыс жұмыстарын бақылау қызметін атқарған", - деп хабарлады Қарағанды облысы Прокуратура басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов.

Қарағанды. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда "Бесоба" тұрғын үй кешенінде құлаған үйді салған құрылыс компаниясының бас инженері қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы Прокуратура басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов мәлім етті,- деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"ҚК 132 бабына сәйкес соңы ауыр жағдайға әкеліп соққан сапасыз құрылыс жүргізді деген күдікпен біз "Системпромснаб" ЖШС бұрынғы бас инженері Лятуновскийді ұстадық. Ол осынау нысандарды салу кезінде құрылыс жұмыстарын бақылау қызметін атқарған", - деп хабарлады Қарағанды облысы Прокуратура басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов.

Оның айтуынша, Лятуновский 11 сәуірде ұсталды, қазір одан жауап алынып жатыр, тергеу жұмысына кедергі келтірмес үшін басқа мәліметтер таратылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, прокуратура Қарағандыда құлаған үйге қатысты екі қылмыстық іс қозады. 6 сәуірде Қарағанды облысы арнайы прокурорлар басқармасы лауазымды тұлғаларға қатысты, атап айтқанда осы үй бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қатысты ҚР ҚК "Қызметтік бабын асыра пайдалану" 7 бабының 4 тармағына сәйкес бірінші қылмыстық іс қозғаған болатын.

Сондай-ақ "Сапасыз құрылыс" бабы бойынша салушысына қатысты екінші қылмыстық іс қозғалды. Ал ҚР Бас прокурорының тапсырмасымен ІІД бөлімі мен облыстық қаржы полициясының 8 тергеушінен және 7 оперативтік қызметкерінен жасақталған тергеу-оперативтік тобы құрылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды қаласы Бесоба шағын ауданындағы №7 көппәтерлі тұрғын үйдің 4-ші кіреберісі құлап кеткен болатын. Одан бұрын апатты үйден 138 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Белгілі болғандай, "Бесоба" ТК салыну жолы ұзақ әрі дауға толы екен. Қабырғасы 2006 жылы қаланып басталған ТК-нің сол уақыттан бері бірнеше құрылыс компаниясы ауысып, бірінің бастығы күні бүгінге дейін халықаралық іздеуде жүрген көрінеді.

Үй пайдаланысқа 2009 жылы маусымда тапсырылды. Тұрғындардың басым көпшілігін ипотека алғандар мен үлескерлер құрайды. Зардап шеккен азаматтарға шығын әкімшілік есебінен өтелетіндігі уәде етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны