09.03.2010, 13:40 2994

Қарағандыда облыс әкімі орынбасарының көмекшісі жол апатынан қаза тапты

Қарағандыда облыс әкімі орынбасарының көмекшісі жол апатынан қаза тапты

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда облыс әкімі орынбасарының көмекшісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 7 наурызда сағат 19.10-да болған. Облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған өткелмен өтіп бара жатқан кезде, облыс әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімі орынбасарының ауылшаруашылығы жөніндегі көмекшісі Марат Кенжеғозинді ВАЗ-2106 көлігі қағып кеткен. Жүргізуші бірден жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларын шақырған. Жәбірленушіні апат орнынан ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізген, бірақ ол 8 наурыз күні таңертең қайтыс болды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабы (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны