29.06.2017, 17:36 4586

Қарағандыда облыстық аллергологиялық орталық ашылады деп жоспарлануда

Қарағандыда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі шеӊберінде ағымдағы жылдыӊ тамыз айында облыстық аллергологиялық орталық ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бастығы Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі шеӊберінде ағымдағы жылдыӊ тамыз айында облыстық аллергологиялық орталық ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бастығы Ержан Нұрлыбаев.

"Тамыз айында облыстық аллергологиялық орталық ашылады деп жоспарлануда. Бұған дейін бізде аллергия бойынша мамандандырылған медициналық ұйым болған жоқ. Аллергиямен ауыратындар көп, бірақ олар көмекті бір жерден ала алмайды, бізде бірлі-жарым ғана медициналық ұйымдарда жекелеген кабинеттер бар. Ал қазір жеке серіктестердіӊ қатысуымен аумағы 2 мыӊ шаршы метрді алып жатқан ғимарат пайдалануға беріліп, онда облыстық аллергологиялық орталық орналасатын болады. Аллергиямен ауыратын емделуші онда диагностикалық және емдеу қызметтерініӊ кешенін бір жерден ала алады. Орталық мемлекеттік тапсырыс шеӊберінде жұмыс істейтін болады", - деді басқарма басшысы.

Оныӊ айтуынша, мемлекет басшысы өз жолдауында барынша дамыту қажеттігін айтқан мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі жүйесі Қарағанды облысында ойдағыда й жұмыс істеуде.

"Өткен жылы біз мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі аясында 1 млрд астам теӊгеніӊ жобасын жүзеге асырдық. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқашта жеке инвесторлардыӊ қатысуымен өӊірлік медициналық ұйымдардыӊ негізінде 4 офтальмологиялық орталық ашылды. Орталықтар еӊ озық техникамен жабдықталған. Мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі тетігі арқылы біз ағымдағы жылдыӊ қорытындысы бойынша облыста компьютерлік томографтар және ядролық-магниттік томографтар секілді құрал-жабдықтар бойынша қажеттілікті жабуды жоспарлап отырмыз", - деді Нұрлыбаев.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі аясында өӊірде аса сұранысқа ие болған нейрореабилитациялық "Луч" орталығы ақпан айында ашылды. Қазір инвесторлар оныӊ аумағын кеӊейтіп, жалпы алғанда 2 мыӊ шаршы метрге жеткізу үстінде. Сауықтырудан мұқтаж емделушілердіӊ көптігін ескере отырып, келесі жылы осындай орталықты Теміртау қаласында да ашу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, күзде мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестік тетігі арқылы орталық жүйке жүйесі ақауға ұшыраған балаларға арналған нейро-реабилитациялық орталық ашу жоспарланған. Балалардыӊ осындай нейро-реабилитациялық орталығы Жезқазғанда да ашылады. Онда ағымдағы жылы жүрек тамырларына кесусіз ота жасалатын кардиохирургиялық бөлім ашу да жоспарланған.

Бұған қоса, Қарағандыда жеке инвесторлардыӊ қатысуымен бірнеше емхана ашылады деп көзделген. "Шілде айында №7, ал күзде Ержанов көшесіндегі №8 емхананы ашу жоспарланған. Бұған қоса күзде Майқұдықта және Оӊтүстік-шығыста екі емхананыӊ құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұлардыӊ барлығы да мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі шеӊберінде іске асады", - деді Нұрлыбаев.

Медицина саласындағы тағы бір маӊызды жоба - емделушілерді Қарағанды Мемлекеттік медициналық университетініӊ профессорлары мен оқытушылары қабылдайтын аурухана ашу.

"Бұл жобаны жүзеге асыруға арналған қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген. Аурухананыӊ ғимараты Пришахтинск ауданында орналасқан, кешікпей біз онда жөндеу жұмыстарын бастап, кейін ғимаратты Қарағанды Мемлекеттік медициналық университетіне сенімді басқаруға береміз. Университет онда материалдық-техникалық жабдықтауға қомақты инвестиция салуды көздеп отыр, осылайша, Қарағанды облысы еӊ озық техникамен жабдықталған 100 төсек-орынға есептелген жаӊа ауруханаға ие болмақ. Онда біздіӊ медициналық университеттіӊ профессорлары мен оқытушылары емдейтін болады. Өйткені, медициналық университет бола тұра, медициналық университеттіӊ ауруханасы болмаса, университеттіӊ емдеу кәсіпорны ретіндегі әлеуеті толығымен жүзеге аспайды, сол себепті бұл медицина саласына елеулі үлес болмақ. Олардыӊ консультативтік-диагностикалық орталығы бар, оныӊ ғимараты 2015 жылы берілген. Осындай орталық өте қажет. Олар жылына 5 мыӊнан астам емделушіні қабылдайды. Сол себепті бұл аурухана іске қосылған кезде оған деген сұраныс жоғары болмақ", - деді басқарма басшысы.

Оныӊ айтуынша, бірқатар жаӊа медициналық мекемелердіӊ ашылуына байланысты мамандар мәселесі де жеке меншік ұйымдардыӊ ресурсын пайдалана отырып шешіледі. "Бұл жерде жеке медициналық қызмет ұсынушылардыӊ мүмкіндігі пайдаланылады. Өйткені, облыс аумағында жұмыс істейтін жеке меншік ауруханалардыӊ барлығы бірдей мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істемейді. Қазір сақтандыру медицинасы енгізілгелі отырған тұста бұған қызығушылық арта түсуде. Сол себепті жеке меншік бизнес бізге тек материалдық байлақпен ғана емес, адами ресурстарымен де келіп отыр. Біз медициналық қызмет көрсетуші жеке бизнеске кепілдендірілген көмек шеӊберінде мүмкіндік беріп отырмыз, яғни, олардыӊ қызметі тұрғындар үшін қолжетімді бола түспек",- деді ол.

"Мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі тетігі белсенді түрде пайдаланылатын болады, бұл бізге емханалар санын көбейтуге және тұрғындар үшін олардыӊ қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктердіӊ бірі. Өйткені, емханалар - денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буынға жатады", - деді Нұрлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны