Система Orphus

Қарағандыда парақорлығы және ІІМ кадр саясатына араласқаны үшін Қазақстан президентінің күзет қызметінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бұрынғы бастығы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

30.06.2008, 18:39 365

Қарағанды. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда әскери сот ірі көлемдегі пара алғаны үшін және ІІМ кадр саясатына араласқаны үшін Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметі ішкі қауіпсіздік басқармасының бұрынғы бастығы Полат Сұлтанқұловты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД тергеу басқармасынан хабарлады.

ІІД хабарлағандай, маусым айының ортасында аяқталған сот П. Сұлтанқұловты ІІМ кадрлық саясатына араласты, билікті асыра пайдаланды, пара алды деген айыптар бойынша айыпты деп тауып, оны республиканың Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша соттады.

П. Сұлтанқұловтың заңсыз араласуымен Қарағанды облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының, Теміртау қалалық полициясының басшылығы тағайындалған. Бұл ретте ол пара ретінде ондаған мың АҚШ долларын алған. Атап айтқанда, 50 мың АҚШ доллары үшін ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы тағайындалған. П. Сұлтанқұловтың бірнеше мәрте, барлығы 119 мың АҚШ долларын пара ретінде алғаны дәлелденіп отыр.

2006 жылдың 26 мамырында полковник П. Сұлтанқұлов Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлерінің арнайы шұғыл шараларының барысында тұтқындалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны