02.03.2007, 12:38 3040

Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Kazakhstan Today. Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі,-деп журналистерге Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім бастығы Абай Жүнісов хабарлады.

Оның келтірген мәліметтерінше, шұғыл іздестіру шараларының барысында 27 ақпанда полицейлер "ГАЗ-32213" автокөлігін тоқтатады. Оның жүргізушісі 31 жастағы Қарағандының жұмыссыз тұрғыны болып шыққан. Автокөліктің ішіндегі адам 29 жастағы жұмысы жоқ қарағандылық болған.

Пияз салынған көлікті тексеру барысында ішінді сұрғылт- жасыл түсті заты бар 10 полимер қапшық пен қою- жасыл түсті заты бар қағаз дорба байқалады. Сараптаманың анықтамасы бойынша полимер қапта 105 кг 430 г марихуана, ал қағаз дорбада 1,11 г гашиш салынған.

Бұл дерек бойынша қазіргі кезде ҚР ҚК 259 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскендер уақытша қамауда отыр. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны