11.05.2007, 16:10 3148

Қарағандыда полиция тергеушісі пара алу үстінде құрықталды

ҚАРАҒАНДЫ. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының өте ауыр істер жөніндегі аға тергеушісі пара алу үстінде құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.

"Полиция майоры қылмыстық жауапқа тартпау үшін 4 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықталды",- деп хабарлады департаменттен.

Тергеуші Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының полицейлерімен бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған.

Қазіргі уақытта ұсталғанның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (боспалаушылық жолымен ірі көлемде пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны