09.12.2008, 17:47 2980

Қарағандыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті

Қарағандыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті

Астара. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін мемлекет басшысы Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы ақын шығармалары күллі әлемге танылғанын атап өтті.

"Абай ескерткішінің ашылуы қарағандылықтар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан үшін атаулы оқиға. Абай - ұлы тұлға, оның қара сөздері қазіргі заманға да үлгі. Оның ілімі мен философиясы бүгінге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ", - деді Н.Назарбаев.

Абай Құнанбаевтың ескерткіші Қазақстан суретшілер одағының Қарағанды облыстық көркем-өндірістік комбинатында қоладан құйылып жасалған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 9,9 метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны