02.07.2007, 11:38 2465

Қарағандыда Ресей азаматынан 2 кг жуық героин тәркіленді

АСТАНА. 2 -шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыда Ресей азаматынан 2 кг жуық героин тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитеті мен Қарағанды облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері опреративтік шара барысында РФ азаматын құрықтады. Оның "ГАЗ-31029" көлігінің ішінен 1 кг 940 г героин табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны