02.03.2010, 17:50 3122

Қарағандыда тәртіп сақшылары жүйке ауруларына шалдыққан адамдарға қару ұстауға рұқсат беруде - прокуратура

Қарағандыда тәртіп сақшылары жүйке ауруларына шалдыққан адамдарға қару ұстауға рұқсат беруде - прокуратура

Қарағанды. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда тәртіп сақшылары жүйке ауруларына шалдыққан адамдарға қару ұстауға рұқсат беруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды қаласының Октябрь аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, полиция бөлімін тексеру барысында қару ұстауға рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту барысында заңнама талаптарына мән бермеу оқиғалары анықталған.

Атап айтсақ, тексеру барысында анықталғандай, 2002 жылы "Қарағанды облыстық жүйке және неврологиялық аурулар диспансері" МБ-да 1999 жылдан бері тіркеуде тұрған К. есімді азамат қаруға рұқсат алған. Ол тек 2009 жылдың 19 мамырында ғана басқа жаққа қоныс аударуға байланысты тіркеуден алынған, алайда, құқық қорғау органдары азаматтың дәл қай жаққа қоныс аударғанынан бейхабар. Сөйтіп, К. есімді азаматтың жүйке және неврологиялық аурулар диспансерінде тіркеуде екендігін 7 жыл бойы анықтамаған полиция қызметкерлері оған қару ұстауға рұқсатты ұдайы бере берген.

Тексеру барысында анықталғандай, сондай-ақ, іс материалдарында учаскелік инспектордың 2004 жылдың 10 сәуірінде оның К. есімді азаматтың тұрғылықты жерінде тапаншаны сақтау ережелеріне бағыну жайына тексеру жүргізілді деген жалған анықтамасы бар, ал осы уақытта К. есімді азамат бір жылдан бері бұл мекенжайда тұрмаған.

Сондай-ақ, 2006 жылдың қазан айынан бері жүйке және неврологиялық аурулар диспансерінде тіркеуде тұрған М. есімді азаматқа қару ұстауға 2008 жылдың ақпан айына дейін рұқсат мерзімі ұзартылған.

Осы секілді "Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының наркологиялық диспансері" ҚККК-да "Алкоголь немесе апиын тұтынуға байланысты психикасы мен мінез-құлқында өзгерістер байқалу" деген диагнозбен тіркеуде тұрған Р. және Ш. есімді азаматтарға да рұқсаттар берілген және ұзартылып отырған",- деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Бұған қоса А. есімді азаматқа сотталмағандығы туралы мәліметтері, неврологиялық аурулар диспансерінен алған анықтамасы, қарумен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерінен білім алғандығын растайтын құжатының көшірмесі жоқ бола тұра, қару ұстауға берілген рұқсат мерзімі ұзартылған. "Бұл - осындай жалғыз ғана оқиға емес", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны