12.06.2008, 10:21 1420

Қарағандыда заңсыз көші-қонмен және адам саудасымен күрес жүргізетін мамандар даярлайтын орталық ашылды

Қарағандыда заңсыз көші-қонмен және адам саудасымен күрес жүргізетін мамандар даярлайтын орталық ашылды

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының базасында кеше Заңсыз көші-қонмен және адам саудасымен күрес жүргізетін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

ІІМ баспасөз орталығынан хабарлағандай, ашылу рәсіміне ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов, АҚШ-тың ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей мен Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин қатысқан.

Орталық адам саудасына байланысты қылмыстарды ашумен және тергеу жүргізумен айналысатын құқық қорғау органдарының, бірінші кезек, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

АҚШ елшілігі (есірткімен халықаралық күрес және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бөлім) орталық пен тыңдаушылардың жатақханасын жөндеуге және техникалық жарақтандыруға 90 мың АҚШ долларын бөлген. ІІМ жоғары білікті мамандарды, жатақхана ғимараттары мен оқу аудиторияларын ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны