25.12.2009, 17:46 2992

Қарағандыда жол қозғалысының ережесін бұзушыны ұстау үшін қару қолдануға тура келді

Қарағандыда жол қозғалысының ережесін бұзушыны ұстау үшін қару қолдануға тура келді

Қарағанды. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандыда жол қозғалысының ережесін бұзушыны ұстау үшін полиция қызметкерлеріне қару қолдануға тура келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Жол полициясындағылардың хабарлауынша, "Фольксваген Гольф" автокөлігінің жүргізушісі қаланың орталық көшесімен бағдаршамның қызыл жарығына жүріп өткен. Кезекшілікте тұрған жол полициясының қызметкері ереже бұзушылықты көріп, көлікке тоқтау туралы белгі береді. Алайда, жүргізуші жол полициясы қызметкерінің бұйрығын қаперіне де алмастан, жылдамдықты қосып, оқыс оқиға орнынан қашып кетуге талпынған. Осы орайда ол басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Жол полициясы басқармасының үш экипажы ереже бұзушыны қуып жетуге тырысқан. Ол үшін әлгілер тіпті ереже бұзушының көлігінің дөңгелектеріне қаратып бірнеше рет оқ атқан. Көлік осыдан кейін ғана тоқтаған, бірақ онда отырған жүргізуші мен жолаушы қашып кетпек болғанда, оларды полиция қызметкерлері ұстап алды.

Полицияның мәліметінше, Теміртау тұрғындары қорыққандықтан қашқан. Олардың құжаттары дұрыс, көліктері айдап әкетілген көліктердің тізімінде жоқ болып шықты. Дегенмен, көлік айыппұл тұрағына қойылып, жігіттердің үстінен төрт хаттама, атап айтсақ, жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін, жолда апаттық жағдай тудырғаны, жол полициясы қызметкерлерінің талабына бағынбау жөніндегі хаттамалар толтырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны