17.05.2012, 15:57 3558

Қарағандыдағы құлап қалған үй лицензиясыз салыныпты

Қарағандыда мемлекеттік комиссия "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйдің құлау себептерінің анық-қанығы жөніндегі шешімді жария еткен.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Қарағандыдағы құлап қалған үй лицензиясыз салыныпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда мемлекеттік комиссия "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйдің құлау себептерінің анық-қанығы жөніндегі шешімді жария еткен.

"Интерфакс-Казахстан" хабарлағандай, сарапшылар құрылысты жүргізу кезінде инженерлік-геологиялық мәліметтердің жеткіліксіз болғанын, жобалауға тиісті лицензиясы жоқ ұйым тартылғанын, ал үйдің іргетасын құю жұмыстары сапасыз орындалғанын анықтап отыр.

Комиссия ұйғарымына сәйкес, қираудан келген залалдың мөлшері шамамен 545 миллион 300 мың теңгені құрады. Қираған үйді салған мердігерлік құрылыс ұйымына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің "Соңы ауыр зардаптарға әкеп соққан келеңсіз құрылыс" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ үйді қабылдаған мемлекеттік комиссия мүшелері мен төрағасы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі бес қабатты №7 үйдің іргетасы мен шатырына дейін 10-нан 15 см-ге дейін жарықшақ түсіп, ғимарат сыр берді. Тұрғындар үйден шұғыл көшірілді. 6 сәуір күні үлескерлердің қаражатына салынған №7 үйдің 5 пен 8-ші кіреберісінің аралығы құлаған. Ондаған пәтер тұрғындары баспанасыз қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны