09.12.2008, 17:51 3007

Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін зауытты кеңейту қарастырылуда - президент

Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін зауытты кеңейту қарастырылуда - президент

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін зауытты кеңейту қарастырылуда. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қарағандыда айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент металлургиялық кремний өндіретін "Silicium Kazakhstan" ЖШС зауытында болды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 25 мың тонна металлургиялық кремнийді, 10,5 мың тонна кремний ұнтағын және 875 тонна кремний шлагын құратын болады. Жобаның құны - 110 млн. еуро.

Нұрсұлтан Назарбаев металлургтер алдында сөйлеген сөзінде жаңа зауыт барлық халықаралық стандарттарға сай келетінін атап көрсетті. Бұл еліміз Тәуелсіздігінің 17 жылдығына арналған тамаша тарту болып табылады.

"Зауыт өнімдері ғарышты игеру, радио- электроника салаларында, заманауи құрылыс материалдары өнідірісінде кеңінен қолданылатын болады", - деді Н.Назарбаев.

Президент біздің еліміз әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты қиындықтарға қарамастан, "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны