13.06.2007, 14:45 1480

Қарағандыдағы онкодиспансердің қызметкерлері құрамында есірткісі бар препараттарды ұрлаған күдікті деп танылуда

ҚАРАҒАНДЫ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Қарағандыдағы онкодиспансердің екі медбикесі құрамында есірткісі бар препараттарды ұрлаған күдікті деп танылуда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІБ-ның баспасөз хатшысы Валентина Ерещенко хабарлады.

Оның айтуынша, "Есірткі шебі" деп аталатын шұғыл алдын алу шарасының барысында онкодиспансерге жоспарлы тексеру жүргізгенде промидолдың жеткіліксіздігі анықталды.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, диспансердегі есірткілік заттарды есепке алу журналы жыл бойы денсаулық сақтау министрлігінің ережелерін бұза отырып жүргізілген.

68 және 48 жастағы екі медбике күдікті деп танылды. Дәл қанша препарат жетіспейтінін тергеу органдары анықтауда, алдын-ала белгілі болғанындай, промидолдың 40 ампуласы жоғалған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Қазір анықтау органдары қандай баппен іс қозғау жайын қарастыруда",- деді В.Ерещенко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны