10.06.2008, 10:31 1394

Қарағандылық салықшылар 67 млн теңге жымқырған күдікті деп танылуда

Қарағандылық салықшылар 67 млн теңге жымқырған күдікті деп танылуда

Қарағанды. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандылық салықшылар 67 млн теңге жымқырған күдікті деп танылуда. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Айнур Махаева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қарағандының аудандық салық комитетінің инспекторлары мемлекеттің 67 млн теңгесін жымқырды. Олар кәсіби хакерлердің әдістерін игеріп алу арқылы Қаржы министрлігінің электронды мәліметтер базасын бұзған", -деп хабарлады баспасөз хатшысы.

"Бұл Қазақстанда болған осындай бірінші оқиға", - деді А. Махаева.

Оның айтуынша, салық инспекторларына салық төлеушілерден алынған айыппұлдар көлемін бірнеше есе азайтып көрсетті деген айып тағылуда. Нақты көлем мен есептелген көлемнің арасындағы айырмашылықты салықшылар өздері иемденіп отырған. "Олар әрбір деректі құжаттай растап отырған".

Күдікті үш инспектор-хакердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 2-тармағы (лауазым иесінің қызмет бабындағы құзыретін жеке пайда табу үшін қызмет мүддесіне кереғар пайдалануы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржы полициясындағылар мемлекеттік қызметкерлердің бір тобы әрекет еткендігін жоққа шығармайды.

"Қылмыстық іс тексеріліп жатыр, қызметкерлерден әзірге ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынды. Осынау заңсыз әрекет қашан басталғаны, оған қанша адам жұмылдырылғаны, қандай салаларға бұл таратылғаны, шығынның жалпы көлемі, қылмысты жасау туралы бастаманы ойлап тауып көтерген кім екендігі тексеріліп жатыр", - деді А. Махаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны