11.03.2012, 11:19 3202

Қарағандының ойыншықтар дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті оқиғаның ізі суымай ұсталды

Қарағандының ойыншықтар дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды, алты рет пышақ жарақатын алған сатушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қарағанды. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандының ойыншықтар дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті оқиғаның ізі суымай ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағандының ойыншықтар дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды, алты рет пышақ жарақатын алған сатушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Полицияның ақпараты бойынша, 37 жастағы күдікті ер адам оқиғаның ізі суымай ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша тергеу абақтысына қамалды.

"Ермеков көшесінде орналасқан балалар ойыншықтары дүкеніне қарақшылық шабуыл шамамен 14.00-де жасалды. Ғимаратқа кірген ер адам 33 жастағы сатушығ пышақ жарақаттарын салды. Құрсақ қуысынан, жіліншігі мен жамбасынан алты рет пышақ жарақатын алған сатушы әйел ауруханаға жеткізілді", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны