10.12.2018, 01:51 6382

Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теӊгеден астам жарна түсті

Жүйе іске қосылған 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаныӊ жалпы сомасы 122,47 млрд теӊгеге жетті.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теӊгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаныӊ жалпы сомасы 122,47 млрд теӊгеге жетті.

Оныӊ 113,83 млрд теӊгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теӊге (7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны