29.04.2010, 15:50 3269

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының басшылығына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды (толықтырылған)

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының басшылығына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды (толықтырылған)

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының басшылығына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сондай-ақ, "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының басшылығына қатысты осы сәуір айында өздерінің 2002 - 2007 жылдардағы мұнай өндіру бойынша шығындарын асыра көрсету арқылы 187 млрд теңгені ұрлау және осы сомаға алушыларға мұнай сату дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды", - деді М. Жұманбай.

Ол осы орайда ағымдағы жылдың 28 қаңтарында қаржы полициясы органдары "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының Қазақстандағы филиалының лауазымды тұлғаларының үстінен "Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі" баптың мұнай және газ конденсатын өндіруді 2008 жылы жалпы көлемі 104 млрд теңгеге асырып жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны