26.02.2010, 15:13 3284

"Қарашығанақ Петролиум" компаниясына қоршаған ортаны ластауға байланысты 3 млн астам теңгенің айыппұлы жүктелді

"Қарашығанақ Петролиум" компаниясына қоршаған ортаны ластауға байланысты 3 млн астам теңгенің айыппұлы жүктелді

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - "Қарашығанақ Петролиум" компаниясына қоршаған ортаны ластауға байланысты 3 млн астам теңгенің айыппұлы жүктелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Орал табиғатты қорғау прокуратурасы өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру, жою және сақтау мәселелерін реттейтін заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу барысында табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу деректерін анықтады.

"Батыс Қазақстан обысының аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын жүргізетін "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в." ЖАҚ компаниясы 2008 жылы жобада бекітілген шекті рұқсат етілген шығаруларды, сондай-ақ атмосфераға зарарлы заттарды шығарудың және қалдықтарды орналастыру шектеуінің сәйкес рұқсаттарынан асырып жіберген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Компанияның қоршаған ортаны өз бетінше ластауы салдарынан келген шығын көлемі 3 089 503 979 теңгені құрады",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынысымен Жайық-Каспий экология департаменті "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в." компаниясынан келтірілген шығынды мәжбүрлеп өндіру туралы талап арыз қойды.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен шығынды қалпына келтіру туралы талап толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны