11.03.2012, 10:16 3412

"Қаражанбасмұнай" АҚ бұрынғы заңгері Наталья Соколова бостандыққа шықты

6 наурызда ҚР Жоғарғы соты қылмыстық істер жөніндегі бақылау сот алқасы Наталья Соколованы, "Қаражанбасмұнай" АҚ бұрынғы заңгерін қамаудан босату туралы қаулы қабылдады.

Ақтау. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратураның қарсылық шағымы бойынша Атырау колониясынан "Қаражанбасмұнай" АҚ бұрынғы заңгері Наталья Соколова босап шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 6 наурызда ҚР Жоғарғы соты қылмыстық істер жөніндегі бақылау сот алқасы Наталья Соколованы, "Қаражанбасмұнай" АҚ бұрынғы заңгерін қамаудан босату туралы қаулы қабылдады.

Қазіргі уақытта Наталья Соколова отбасымен бірге Атырауда.

"Қазір Наталья үйде. Біздің қолымызда босату туралы анықтама ғана бар", - деп хабарлады BNews.kz тілшісіне Наталья Соколованың жұбайы Василий Чепурной.

Соколованы босату жөніндегі қаулыда атап көрсетілгендей, "жеңілдету және ауырлық тудыратын жағдайлардың жоқтығын ескере отырып, сондай-ақ белгіленген жазалау шарасы әділ әрі жазаланушыны жоғары дәрежеде түзету мақсатына тәуелді болуын басшылыққа ала отырып, жазалаудың түрі мен көлемін белгілеуді жекеше қарастыру негізінде бақылау сот алқасы сотталушы азаматша ауры қылмыс жасады деп есептеуіне қарамастан, Н.Г.Соколоваға белгіленген жазалауды ҚР ҚК 164 бабының 3 тармағына сәйкес жеңілдетуге және ҚК 63 бабының ережелерін оған қатысты пайдалануға толық негіз бар".

Сондай-ақ құжатта атап көрсетілгендей, "Н.Г.Соколова өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін қатты өкінеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны