08.08.2016, 14:44 3836

Кәрім Мәсімов Атырауда тұрғын үйлердіӊ салынуын тексерді

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Нұрсая" шағын ауданындағы "Жерұйық" тұрғын үй кешенініӊ құрылыс алаӊында болды

Атырау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Нұрсая" шағын ауданындағы "Жерұйық" тұрғын үй кешенініӊ құрылыс алаӊында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жерұйық" тұрғын үй кешенініӊ құрылысы Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қаржыландыруымен және "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ қолдауымен жүзеге асып жатыр. Кешен "Нұрсая" шағын ауданындағы он алты 5 қабатты 25 пәтерлі тұрғын үйден тұрады. Кешен аумағына барлық жағынан кіруге болады, сондай-ақ мұнда жайлы автотұрақтар, балаларға арналған ойын алаӊдары, спорт және шаруашылық алаӊдары қарастырылған. Қазіргі таӊда құрылыс жұмыстарыныӊ 70% аяқталды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Кәрім Мәсімов құрылыс алаӊын аралады және тұрғын үй кешені құрылысыныӊ барысы туралы баяндаманы тыӊдады.

Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 2014 жылы ҚР Үкіметініӊ қаулысымен бекітілген. Бағдарламаныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі - халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры бағдарламасы аясында тұрғын үйді сатудыӊ екі нұсқасы қарастырылған: тікелей сату және жалға беру арқылы сату. Жылжымайтын мүлік қорыныӊ тұрғын үйлері алдымен жергілікті атқарушы органдар арқылы кезекте тұрғандардыӊ арасында сатылады.

Жалпы, бұл бағдарлама тұрғындардыӊ өмір сапасын арттырып, аймақтардыӊ тіршілік инфрақұрылымдарын және экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Анықтама үшін:

Тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмысын реттейтін бірқатар заӊнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудыӊ 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заӊы; Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысыныӊ 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасыныӊ құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы; "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы қабылданды.

2015 жылы 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 1991 жылмен салыстырғанда, барлық қаржыландыру көздері бойынша салынған тұрғын үйлер 2,8 млн шаршы метрге немесе 45,9% артты.

25 жыл ішінде (1991 жылдан 2016 жылдыӊ 1 маусымына дейін) Қазақстанда 110,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 1 млн астам отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Оныӊ ішінде "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла басталған кезден бері 752,9 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соныӊ нәтижесінде 12421 отбасы өздерініӊ баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды, оныӊ ішінде 8680 отбасы жалға берілетін тұрғын үйге ие болса, 3741 отбасы тұрғын үй займдарын алды.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында 2016 жылы - 7600 мыӊ шаршы метр, 2017 жылы - 7700 мыӊ шаршы метр, 2018 жылы - 8000 мыӊ шаршы метр, 2019 жылы - 9000 мыӊ шаршы метр, 2020 жылы - 10000 мыӊ шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны