08.09.2016, 16:27 3608

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Төрағасы қызметіне тағайындалды

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Ибдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін",- делінген Жарлық мәтінінде.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі қызметінен босату" туралы 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 318 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі қызметінен босатылсын",- делінген Жарлықта.

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ жаӊа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беру жүктелді.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Ибдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін",- делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны