02.04.2014, 20:55 3659

Кәрім Мәсімов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, оны Парламент фракциялары қолдады.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Премьер-министрі болып Кәрім Мәсімов тағайындалды.

"Елбасының сенiм бiлдiруi мен үшiн үлкен мәртебе және үлкен жауапкершiлiк. Мен Сiз артқан зор сенiмдi ақтауға бар күш-жiгерiмдi аямаймын. Сiз жүктеген мiндеттердi орындауға бар бiлiмiм мен тәжiрибемдi жұмсаймын. Елiмiздi өркендетуге аянбай еңбек етемiн. "Қазақстан-2050" стратегиясы - Сiз айқындап берген ең мәртебелi, ең айқын жол. Стратегиядағы барлық мiндеттердi мүлтiксiз орындаймыз", - дедi Кәрiм Мәсiмов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшының салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақтастық орныққан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, оны Парламент фракциялары қолдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны