04.02.2009, 18:02 3098

Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен қазір Астана әкімімен бірге дүкендер мен ақша айырбастау орындарын аралаймын, және барлық облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне дүкендерге барып, бағаны бақылауды тапсырамын, негізсіз іріткі салынбауы керек", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны