29.10.2008, 19:22 3345

Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті

Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі Рустам Азимовпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар экономиканың әр түрлі саласындағы, атап айтқанда, қаржы, отын-энергетикалық және ауыл шаруашылығы салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Иңгімелесушілер екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетін және көрсеткіштердің жағымды өсу қарқынын атап өтті.

Тараптар кездесудің соңында өзара тиімді және тату көршілестік негізінде екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны