07.07.2016, 17:02 4041

Кәрім Мәсімовпен бірге трассаға шығу мүмкіндігін асыға күтемін

Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресейғарыш басшысы Игорь Комаровты 2017 жылы өтетін триатлонға қатысуға шақырды, бұл туралы ол өзініӊ туиттердегі аккаунтында жазды

Қызылорда. 7 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресейғарыш басшысы Игорь Комаровты 2017 жылы өтетін триатлонға қатысуға шақырды, бұл туралы ол өзініӊ туиттердегі аккаунтында жазды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге сондай-ақ атақты велосипедші Андрей Кашечкин қатысты, ол Кәрім Мәсімовке "Байқоӊыр" велоклубыныӊ футболкасын сыйлады, деп хабарлайды Pm.kz тілшісі.

"Кәрім Мәсімовтіӊ спортты дәріптеуге баса назар аударатыны қуантады. Ол жеке басыныӊ мысалымен салауатты өмір салтыныӊ барлық маӊызын көрсетеді. Премьер бірнеше рет қашықтыққа шығып, жақсы дене дайындығын көрсетті. Бәлкім, сондықтан да көбісі дуатлон және триатлон сияқты спорт түрлерініӊ бар екенін білген де шығар", - деп әзілдеді спортшы.

Атақты велошабандоз алдағы триатлоннан жарыс Қазақстанныӊ имиджіне жағымды әсер ететініне сенімді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны