21.04.2010, 18:39 3178

"Қару-2010" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 400-ге жуық атыс қаруы алынды

"Қару-2010" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 400-ге жуық атыс қаруы алынды

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today -"Қару-2010" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 400-ге жуық атыс қаруы алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІМ мәліметінше, "Өткен аптада заңсыз сақтаудағы қаруды тәркілеуге және тіркелген қаруды сақтау мен пайдалану тәртібінің сақталуын тексеруге бағытталған "Қару-2010" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Полицияның жедел топтары арнайы рейдтер жүргізу барысында 12 жарым мыңнан астам шаруа қожалықтарын, жайылымдарды, бау-бақша қоғамдары мен саяжайларды тексерді. Нәтижесінде 400-ге жуық атыс қаруы алынды".

"Сонымен қатар, көктемгі аң аулау маусымының басталуына байланысты, аңшылық-балық аулау шаруашылықтарындағы 2 мың аңшы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша 140 атыс қаруының иелері тексерілді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны