09.02.2007, 17:27 3125

"Қару" жедел профилактикалық шара барысында республика азаматтары өз еріктерімен 890 дана қару тапсырды

АСТАНА. 9 ақпан. Kazakhstan Today. "Қару" жедел профилактикалық шара барысында республика азаматтары өз еріктерімен 890 дана қару тапсырды. Бұл жөнінде ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпарат бойынша, полиция қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген 580 қаруды тәркілесе, оның 99 иір ойықты және соған жатқызылған мылтықтар. Атап айтқанда, операция кезінде "43 тіркелмеген иір ойықты мылтық , оның ішінде бір автомат, 34 бесатар, 3 карабин және 5 шолақ мылтық тәркіленген".

"Қару" шарасы барысында 1772 оқ, оның ішінде 34 артиллериялық снаряд, 15 жарқыншақты граната, 1723 иір ойықты мылтықтың оғы алынған. "Аймақтарда жарылығыш заттардың айналымға түсуіне , сатылуына және қылмыс әрекеттеріне пайдалануға жол бермеу мақсатында жүргізілген шара барысында 11 жарылғыш құрал және 7 кг жарылғыш зат тәркіленді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметтері бойынша, 570 азамат қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады, он үш азамат тұтқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны