12.03.2008, 09:51 1202

Қаруды өз еркімен өткізу акциясының аясында Ақтөбедегі зейнеткер полицияға бір миллион теңгенің қару-жарағын әкеліп өткізді

Қаруды өз еркімен өткізу акциясының аясында Ақтөбедегі зейнеткер полицияға бір миллион теңгенің қару-жарағын әкеліп өткізді

Ақтөбе. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қаруды өз еркімен өткізу акциясының аясында Ақтөбедегі зейнеткер полицияға бір миллион теңге шамасындағы қаржының қару-жарағын әкеліп өткізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев хабарлады.

"72 жастағы зейнеткер бізге жалпы сомасы 937 мың теңге болатын 5,6 мм калибрлі спорттық-аңшылық оқтары салынған екі жәшік алып келді", - деп хабарлады А. Иманғалиев.

Зейнеткер осыдан он жыл бұрын Ресейге көшіп бара жатқан әскери қызметкерден гараж сатып алған. Ал осыдан бір жыл бұрын гараждың еденін орналастыра жүріп, ірі көлемдегі қару-жарақ салынған жәшіктерді тауып алған.

А. Иманғалиевтің айтуынша, зейнеткер өзінің тапқанына қатты қуанған және ақшаның көп бөлігін депозитке салып, қалғанын немерелеріне жұмсайтынын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны