05.01.2017, 13:16 4048

Қарулы Күштерде экипаждардыӊ, есептоптар мен бөлімшелердіӊ ауқымды дайындығы басталды

Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстыӊ тыӊ жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердіӊ ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ағымдағы жылғы қаӊтардыӊ 4-і мен 20-ы аралығында өтеді.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде экипаждардыӊ, есептоптардыӊ, бөлімшелердіӊ даярлығы бастау алды,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстыӊ тыӊ жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердіӊ ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ағымдағы жылғы қаӊтардыӊ 4-і мен 20-ы аралығында өтеді.

Аталмыш дайындық лезде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соныӊ ішінде, экипаждардыӊ, есептоптардыӊ, бөлімшелердіӊ үйлесуі мен далалық, әуе және теӊіз машығын жетілдіру, жеке құрамныӊ қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жаӊа үлгілерін меӊгеруі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстап тұруға білім мен дағдыны арттыру.

Одан басқа, сабақтар жеке құрамныӊ жоғары психологиялық тұрақтылығы мен дене төзімділігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін шыӊдауға, жалпыәскери ұрыс қиындықтары мен күрделі жағдайлардағы жүктемелерді еӊсеруге септігін тигізеді.

Қарулы Күштерде экипаждарды, есептоптарды, бөлімшелерді дайындау алдында қазақстандық армияда жаӊа 2017 оқу жылы басталысымен мамандықтар бойынша әскери қызметшілердіӊ жеке дара даярлығы болып өткенін айта кеткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны