08.11.2016, 12:17 3382

Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу басталды

Қарулы Күштерде "Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру. Дағдарыстық ауданға қайта топтасуды ұйымдастыру. Арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу" тақырыбында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен кенеттен оқу-жаттығу басталды.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 7 қарашада Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қарулы Күштерде "Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру. Дағдарыстық ауданға қайта топтасуды ұйымдастыру. Арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу" тақырыбында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен кенеттен оқу-жаттығу басталды.

Тексеріс шеӊберінде лектердіӊ құрылу ауданына әскери техниканыӊ шығуы жүзеге асырылды. Искерлер әскери полигондарға ұзақ қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен жорыққа шығады.

Оқу-жаттығуға 5000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан аса бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды.

Оқу-жаттығудыӊ негізгі мақсаты арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу, әскер тектерініӊ бөлімдері мен құрамалары арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ, арнайы әскери операцияны жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындауға басқару органы мен әскерлердіӊ жай-күйін тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу қарашаныӊ 7-і мен 11-і аралығында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны