08.10.2008, 18:51 3010

Қаржы министрі президентке үкіметтің еліміздің қаржы секторындағы ахуалды жақсарту үшін қабылдаған шаралары туралы баяндады

Қаржы министрі президентке үкіметтің еліміздің қаржы секторындағы ахуалды жақсарту үшін қабылдаған шаралары туралы баяндады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Жәмішев президентке үкіметтің еліміздің қаржы секторындағы ахуалды жақсарту үшін қабылдаған шаралары туралы, ағымдағы жылға арналған бюджеттің орындалуы жөнінде, 2009 жылғы бюджетті орындау жөніндегі алдағы атқарылатын міндеттер туралы баяндап берді.

Бірқатар қазақстандық ұлттық холдингтер директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын министр, сондай-ақ мемлекет басшысын осы холдингтердің қызметі туралы хабардар етті.

"Барлық аталған мәселелер бойынша президент нақты тапсырмалар берді. Оларды іске асыру шаралары Қазақстанның ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланатын үкімет отырысында талқыланады", - деді қаржы министрі журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны