12.05.2015, 22:02 3697

Қаржы министрлігі кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді

Үміткер Бүгін Астанадағы брифингте ҚР мемлекеттік кірістер комитетініӊ ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданымдағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Бүгін Астанадағы брифингте ҚР мемлекеттік кірістер комитетініӊ ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданымдағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ 2 мамырында ҚР қаржы министрлігініӊ "Кедендік одақ шекарасы арқылы өтетін жеке қолданым тауарларына қойылатын талаптар" бұйрығы күшке енді. Аталмыш бұйрық физикалық тұлғалардыӊ жеке қолданыстағы атты кедендік шекара арқылы алып өтуде туындайтын құқық қорғау шараларын ғана жүзеге асырады", - деді Ж.Сұрағанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Аталмыш келісім бойынша жеке қолданыстағы заттарға қойылатын талаптар анықталды.

"Жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптар әуе кемесі арқылы: тауардыӊ қүны 10 000 евродан және 50 келіден аспауы керек. Көліктіӊ өзге түрлерімен тауар құны 1500 евро немесе 50 келіні құрайды", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, бұйрық қараулы және қараусыз жүкті регламенттеуді де қарастырады. "Егер е сіз шекара асқанда сізбен бірге болатын жүк. Немесе сіз интернет арқылы тапсырып, халықаралық тасымалдаушыға сенген жағдай. Біз қазақстандықтарды сыйлық тауар алуда тыймаймыз, біз тек кедендік төлемдерді реттейміз", - деді ол.

Айта кетейік, физикалық тұлғалардыӊ шекара арқылы жеке қолданыстағы затты алып өтуге қойылатын талаптар туралы келісім 2010 жылдыӊ 18 маусымында Санкт-Петербург қаласында Кедендік одақ серіктестерімен түзілген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны