30.01.2012, 16:49 3028

Қаржы министрлігі мемлекетік кәсіпорындардың қызметтерін тексеретін болады

Бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерін тексеруді жүктеді.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі мемлекетік кәсіпорындардың қызметтерін тексеретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерін тексеруді жүктеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мәселесіне тоқталған Қ.Келімбетов: "Меніңше, Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен Қаржы министрлігі бірлесе барлық кәсіпорындардың қызметтерін "Мемлекеттік мүлік туралы" жаңа Заңға сәйкес келуін тексеру керек. Онда нарықтағы бескелестік тұрғысында заңбұзушылық болмас үшін қандай түрде мемлекеттік кәсіпорынды құрудың жағдайы айқын көрсетілген",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны