17.11.2006, 09:52 2585

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деген сенімде

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деген сенімде

АСТАНА. 16 қараша . Kazakhstan Today. Қаржы министрлігінің өкілдері жаңа редакциядағы "ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі" заң 2007-жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа беріледі деген сенімде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жаңа редакциядағы"Мемлекеттік сатып алу туралы" заң жыл соңына дейін дайын болып, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде",-деді қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет төрағасы Нұрлан Оспанов журналистерге берген сұхбатында.

Жаңа заңда "сатып алу процедурасын барынша ретке келтіру, жемқорлыққа қарсы нақты шараларды ойластыру және мемлекеттік сатып алу процедурасының бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне қаражатты игеруге кедергі жасамайтындай жағдай жасау көзделген", деді Н.Оспанов.

"Жаңа заңда біз мемлекеттік сатып алумен айналысатындардың және оған қатысушылардың мүддесін барынша теңгеруге тырыстық, бүгінгі нарыққа сәйкес

өзгерістер енгізуге ден қойдық",- деп атап өтті ол. Нақтырақ айтқанда, заң жобасына сай конкурс өткізу мерзімін әлдеқайда бейімді етіп жасау жоспарланған. "Егер сіздер компьютер сатып алсаңыздар бір басқа, одан күрделі зат сатып алынса немесе құрылыс жұмыстарын сатып алған жағдайда , әрине, сатып алу процесі ұзартылуы тиіс. Бұл үрдіс сатып алынатын затқа байланысты: құрылыс жұмысына қатысатын қамтамасыз етушінің мүмкіндігін он күн аралығында бағалап үлгермейсіз, ал сізді орындықпен қамтамасыз етушінің тапсырысын 20-30 күн қараудың не қажеті бар",-дейді Н.Оспанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу процедурасына қатысты мәселелер-енгізу және қарау мерзімі заң аясындағы актілерде ескерілетін болады. "Егер бір затты сатып алу мерзімі тым ұзақ немесе керісінше екені белгілі болса, онда жылына бір мәрте өзгертуге болатын заңды ауыстырғаннан қаулыға өзгерту енгізу жеңіл болды".

Н.Оспановтың сөзіне қарағанада, қазіргі кезде құжат үкіметте жатыр. "Заң жоба барлық қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, президент әкімшілігімен және "Атамекен" қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен келісілген, енді оны парламенттің қарауына жіберу мәселесі шешілуі керек",-дейді ол. Оспанов: " біз бұл заң жобасын шұғыл деп жариялануын сұрайтын шығармыз, себебі мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың бәрі оған қызығушылық танытуда",-дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны