19.09.2018, 17:35 5022

Қаржы министрлігін Алихан Смайылов басқаратын болды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрлігініӊ ұжымына бұрын Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі лауазымын атқарған жаӊа тағайындалған Қаржы министрі Алихан Смайыловты таныстырды.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрлігініӊ ұжымына бұрын Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі лауазымын атқарған жаӊа тағайындалған Қаржы министрі Алихан Смайыловты таныстырды.

Алихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Ил-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметтіӊ түрлі құрылымдарында - Алматы қаласыныӊ әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Жоғары экономикалық кеӊесте, Ұлттық статистика агенттігінде, статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттікте, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігінде жұмыс істеді.

1999 жылы Статиститка агенттігініӊ төрағасы болып тағайындалып, 4 жыл қызмет атқарды. Кейін Сыртқы істер министрлігінде вице-министр қызметіне өтті.

2003-2006 жылдары "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарды.

Бұдан әрі - Қаржы министрлігініӊ вице-министрі қызметінде, одан соӊ "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ президенті, бір жылдан соӊ Қаржы министрлігініӊ вице-министрі қызметіне қайта оралды.

2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігініӊ төрағасы, бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитетініӊ төрағасы болып қызмет атқарды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі болып тағайындалды.

Илихан Смайылов сондай-ақ, "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ динеторлар кеӊесініӊ мүшесі, "Самұрық" холдингi" АҚ директорлар кеӊесі, "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" директорлар кеӊесініӊ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ директорлар кеӊесініӊ төрағасы, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия мүшесі, "Басқарушылар кеӊестеріндегі Қазақстан Республикасыныӊ өкілдері басшысыныӊ орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеӊесініӊ мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ жанында Шетелдiк инвесторлар кеӊесiніӊ мүшесі, "Қазақстан Республикасы

Президентініӊ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасындағы өкілі, "Самрұк-Қазына" Трансформация бағдарламасын іске асырылуын бақылау жөніндегі комитет мүшесі болып табылады.

"Ерен еӊбегі үшін", "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" II дәрежелі медальдарымен марапатталған

"1 рангты кеӊесші" дипломатиялық рангы бар.

Үйленген, екі баласы бар. ҚР Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны