25.01.2008, 15:02 1546

Қаржы полициясы 2007 жылы шарттарды орындамаған жер қойнауы пайдаланушыларына қатысты 23 қылмыстық іс қозғады (кеңейтілген нұсқасы)

Қаржы полициясы 2007 жылы шарттарды орындамаған жер қойнауы пайдаланушыларына қатысты 23 қылмыстық іс қозғады (кеңейтілген нұсқасы)

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы 2007 жылы шарттарды орындамаған жер қойнауы пайдаланушыларына қатысты 23 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін өткен ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің коллегиясында, агенттік төрағасының бірінші орынбасары Рұстам Ибрайымов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жер қойнауын пайдаланушыларымен арада қол қойылған шарттардағы міндеттердің орындалуына бағытталған тексерулер жүргізілуде. Бұл салада бүгінде 23 қылмыстық іс қозғалып, 14,3 млрд теңге мөлшерінде шығын келтірілгені анықталды", - деді Р. Ибрайымов.

Бұл мәселелер бойынша, Маңғыстау облысында көмір сутегін шығару кезінді "Бұзашы Кооперейтинг"АҚ, "Қаражанбасмұнай"АҚ, "Арман" ЖШС, Атырау облысында "Экогеонефтегаз", Жамбыл облысында Амангелды кенорнына қатысты заң бұзушылықтардың болғаны анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

Р. Ибрайымов атап өткеніндей, бұл жерде CNPC және "Интернейшнл Бұзашы" компаниясы іліспе газды шығарғаны үшін 6 млн теңге көлемінде роялтиді төлемеген. "Алайда, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тексерулері ешқандай заң бұзушылықты анықтай алмаған", - деп айтты агенттіктің төраға орынбасары. Сонымен бірге, оның айтуынша, "Бұзашы Оперейтинг" компаниясы заңсыз түрде 1,5 млрд теңгеге 35 мың тоннадан артық қара алтын шығарғандығы анықталды.

Р. Ибрайымовтың сөздеріне қарағанда, Амангелді кен орынында 17 газ ұңғысының құрылысы кезінде "ҚазТрансГаз" АҚ 533 млн теңге, Ал "ҚМГ РД" Өзен кен орындарында мұнай қорының сейсмикасын және геодинамикасын бағалау жұмыстарының құны тым асырылғандықтан 366 млн теңге жымқырылғандығына жол берілгендігі анықталды. "Сонымен қатар, "Каспиймұнай" және "ККМ Оперейтинг Компани" 106 және 109 млн теңгеге шамадан тыс көгілдір газын жаққандығы анықталды ", - деп жалғастырды қаржы полициясының өкілі.

Ол еске салғанындай, Атырау облысында 7,3 мың тонна шикі мұнайды ұрлап, мемлекетке 715 млн теңге мөлшерінде шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

"Тергеу кезінде анықталғанындай "Қаражанбасмұнай" компаниясының акционерлері "СИТИК" компаниясына жер қойнауын пайдалану құқығын сату кезінде акция өсімінің құнынан 41 млрд теңге мөлшерінде салықты төлемегені анықталды", - деді агенттіктің бірінші орынбасары.

ҚР сыбайлас -жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмұрзаев, " біз бұл іске қатысты "Қаражанбасмұнайдың" бұрынғы иелеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз". Кезінде, олардың мемлекетке қомақты мөлшерде салықты төлемегендіктері анықталғанда, біз болашақ акционерлерге, біздердің миллиард теңгеге датымыз бар дедік. Сондықтан, сатып алатын болсаңыздар, келісілген бағаға иемденетін активтің қаржысынан біздің талап етіп отырған сомамызды шегеріңіздер деп ескерткенбіз ", - деп атап өтті ол.

"Қазір біз ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бұл мәселе бойынша уағдаластыққа келіп(салықты төлеу бойынша) барлық талаптарды компанияның бұрынғы иелері алдына қоятын болдық", - деп жалғастырды С. Қалмұрзаев. Ол атап өткеніндей, компания 9 млрд теңге мөлшерінде салық төлеулері тиіс.

Оның мәліметтері бойынша, Қызылорда облысы бойынша агенттік департаменті және облыстық прокуратурасымен бірлесе отырып "Айдан-Мұнай" және "Қуат Амлон Мұнай"АҚ жасаған тексерулері барысында мұнай құбырынан құйылып алынған шикі зат жер қойнауының территориясына ағылғандығын анықтады. "Бұл іс табиғатты қорғау прокуратурасына тапсырылды", - деп айтты Р. Ибрайымов.

Сонымен қатар, облыстық департаментінің қаржы полициясы қоршаған ортаны қорғау "Дюжқазнедро"жер ресурстары басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, 41 шаруашылық субъектілеріне жердің құнарлығын қайта қалпына келтіру және экологиялық зиян келтіргендері үшін айып салу жөнінде сот орындарына арыз тапсырды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны