17.01.2014, 21:49 5582

Қаржы полициясы 2013 жылы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 100-ден астам дерегін анықтады

Қаржы полициясы анықтаған 10 мың қылмыстың төрттен бір бөлігі ауыр және аса ауыр санатына жатады (10094-ның 2574-і). Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны 30%-ға көбейді (784-тен 1 121-ге дейін), оларды 200-ге жуығы әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Қаржы полициясы 2013 жылы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 100-ден астам дерегін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

2013 жылды қорытындылау бойынша ведомствоның алқа отырысында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековтың айтуынша, 2013 жылы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 108 фактісі анықталды.

Қаржы полициясы анықтаған 10 мың қылмыстың төрттен бір бөлігі ауыр және аса ауыр санатына жатады (10094-ның 2574-і).

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны 30%-ға көбейді (784-тен 1 121-ге дейін), оларды 200-ге жуығы әртүрлі деңгейдегі басшылар.

2012 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында 3 есе көп қылмыстар әшкереленді (106-дан 321-ге дейін), мемлекеттік сатып алулар саласында қылмыстарды анықтау 3 есеге артқан (371-ден 495-ге дейін).

Өткен жылдары қаржы полициясы органдары жұмысының тиімділігін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданды.

Агенттіктің кадрлық потенциалы жақсартылды, құрылымдық өзгерістер мен қаржы полициясының штаттық санын оңтайландыру жүргізілді.

Есептік-тіркеу тәртібі жүйеге келтірілді, бұл қылмыстар туралы шынайы және объективті мәліметтерді құрастыруға, сондай-ақ оларды жасыру фактілерін жоюға мүмкіндік берді.

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс жетілдірілді. "Кезекші офицер" лауазымы, "полицейлік тергеу" элементтері енгізілді.

Ир аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің паспорттары жасалды, онда құрылысы мемлекеттік қаржыны тартумен жүзеге асырылып жатқан барлық объектілер туралы нақтыланған ақпарат бар.

Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибенің негізінде агенттікте Ахуалдық орталық құрылды.

Осы және басқа да қабылданған шаралар қаржы полициясының көптеген бағыттар бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға себеп болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны